IV есеп

Егер ол сфераның екі нүктесі арқылы өтетін үлкен шеңберді қалай жүргізуге болады десе, онда осы нүктелердің әрбірін [бұл А және В нүктелері болсын] полюс ретінде қабылдап үлкен шеңбердің төрттен біріндей қашықтықта CDEB және CGEA шеңберлерін саламыз. Бұл шеңберлер С және Е нүктелерінде қиылысады. Әрі қарай бұл шеңберлердің қиылысу орнын полюс ретінде қабылдаймыз және {осыдан} {берілген} нүктеге дейінгі қашықтықта шеңбер тұрғызамыз, бұл үлкен шеңбер болып саналатын АВН болсын.