Google Classroom
GeoGebraGeoGebra Classroom

Дұрыс жетібұрыш

Егер ол айтса: АВ кесіндісіне тең бүйірлі жетібұрыш салу керек болса, онда АВ кесіндісіне тең ВС кесіндісін созамыз, АС кесіндісіне тең бүйірлі DAC үшбұрышын және үшбұрышқа сырттай АDС шеңберін саламыз. Оның ішінде АВ кесіндісіне тең АЕ хордасын жүргіземіз және АЕ-ні G нүктесінде қаққа бөлеміз, GH перпендикулярын тұрғызамыз және оны шеңбермен қиылысқанша созамыз. АВ-ны F нүктесінде қаққа бөлеміз, бұған GH перпендикулярына тең FI перпендикулярын тұрғызамыз. A, B және I нүктелері арқылы ABI шеңберін саламыз және онда АВ доғасына тең АК, KL, LI, IM, MN және NB доғаларын саламыз. AK, KL, LI, IM, MN және NB түзулерін жүргіземіз; бұл — тең бүйірлі және тең бұрышты жетібұрыш.