[ХІІІ] Екі еселенген басқа үйге ...

[ХІІІ] Екі еселенген басқа үйге немесе шарға тең немесе басқа қатынаста алынған үй немесе шар салу туралы.
Егер ол ұзындығы, ені, биіктігі өзара тең екі еселенген басқа үй болып табылатын квадрат үйді салу керек болса немесе басқа екі еселенген болып келген шарды салу, немесе қақ бөліп немесе басқа бір қатынастарда болып табылатын шарды қалай салу керек десе, онда үй ұзындығына және шар диаметріне тең АВ сызығын тұрғызамыз, екі еселенген тік бұрыш бойынша АВ сызығына АС сызығынсалып, DABC жазық фигурасын ьстолықтырамыз. AD мен ВС диагоналдарын жүргіземіз. Олар F нүктесінде қақ бөлінеді. Олардың бағытында DC мен DB сызықтарын созамыз. Шызғыштың шетін А нүктесіне қоямыз да оны GC және EB сызықтары бойынша [ол оларды Е және G нүктелерінді қиылысқанша] GF пен FE тең болатындай болғанша қозғаймызтын боламыз. Сонда үйдің ұзындығы немесе шардың диаметрі ВЕ19 сызығы болады.