Тригонометрия 1

Хорда мен синустың қасиеттері туралы АВС – шеңбер, Е – оның центрі, АС – диаметрі [1-сурет]. ЕВ-ны Е нүктесінен тік бұрышпен жүргіземіз. AG доғасын қарастырайық, AG сызығы мен AC-ға перпендикуляр GD сызығын жүргіземіз, GH-ты BE-ге перпендикуляр жүргіземіз, G мен C-ны қосамыз. Сонда AG сызығы – AG доғасының хордасы, GC – оның толықтауышының хордасы, GD – AG доғасының синусы, GH – оның DE-ге тең косинусы, AD – AG доғасының жебесі; BH – GB доғасының жебесі, GB – AG доғасының шеңбер ширегіне дейінгі толықтауышы, GBC доғасы – AC-ның шеңбер жартысына дейінгі толықтауышы. Бұл біздің түсіндіргіміз келгендер.